27-28 қыркүйек аралығында Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгері, қатардағы Еламан Қойшыбаев Армения мемлекетінің Ереван қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық самбодан әлем кубогіне қатысып жүлдегер атанды. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Спорттық самбодан жеке есепте әлем кубогі екінші күнінің қорытындысы бойынша 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ұлттық ұлан жауынгері Еламан Еркенұлы қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Еламан – халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы және жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Сербияда өткен әлем кубогінің жеңімпазы», делінген хабарламада.