2.10.2024, 15:45
Оқылды: 90

«АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткіземіз» – пікір

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі көп жылдан бері талқыланып келеді. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, энергия тапшылығын жою және экологиялық таза энергия көздерін дамыту мақсатында АЭС салу идеясы ұсынылып отыр.

9EFE4733-90E5-4FC1-ABF6-CA4CCAF8BF72

Сурет: freepik.com

Ел Президентінің өзі бастама көтеріп, ұсыныс жасаған АЭС салуға энергия тапшылығы себеп болып отыр. Өйткені Қазақстанның энергия тұтынуы артып келеді, ал энергияның көп бөлігін көмірден алады. АЭС бұл мәселені шешуге көмектесуі мүмкін. Сонымен қатар экологиялық факторлар да аталған мәселені көтеруге себеп болды. Неге десеңіз көмірді жағу экологияға теріс әсер етеді. АЭС-тің көмегімен көрқышқыл газдардың шығарындыларын азайтуға болады.

Одан бөлек – энергетикалық тәуелсіздік. АЭС Қазақстанды энергия экспортына шығарып, сыртқы энергия көздеріне тәуелділікті азайтуы мүмкін.

Қазақстанда АЭС салу – бұл әртүрлі аспектілерді ескере отырып, терең талдауды қажет ететін күрделі мәселе. Энергетикалық қауіпсіздік пен экологиялық таза энергияны дамыту қажеттілігі оны зерттеуге және талқылауға себеп болып отыр.

Қазақстан Үкіметі бұл жобаны іске асыру үшін жан-жақты зерттеулер жүргізу қажеттігін мойындады.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале