«Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған», «Жақсылық жасасаң, өзіңе қайтып оралады. Жақсы іс мейірімділікке жетелесе, елімізді көркейтеді».
Иә, осы жан жадыратар сөзді ұран қылып, Сырым ауданы мекемелері арасындағы «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айы бастау алды. Бірқатар қайырымдылық шаралары бекітілген игі іс үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр.
Жақсы іс биыл аудан орталығындағы «Аққу» супермаркетінде басталды. Мұқтаж жандарға қажетті деген тағам түрлері тегін қойылды.
«Қайырымдылық бұрышы» жылдағы дәстүр аудандық мекеме, кәсіпорындарының атсалысуымен азық-түлікпен толықтырылатын болады.
Мұқтаж жандарға арналған тегін азық-түлік бұрышын алғаш болып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұжымы ұйымдастырды.