Әмбеге аян, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Міне, бүгін, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум басталды. Елдегі маңызды іске бей-жай қарамайтын Ақсуат ауылдық округінің халқы да белгіленген учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда.
— Біздегі №352 уаскесінде 695 адам тіркелген. Әр тұрғын ерте келіп, дауыстарын беріп, белсенділік көрсетіп жатыр. Солардың бірі — Жаманқұловтар жанұясы, - дейді аталмыш учаскенің төрағасы Бахтияр Кұсанов.
Самал Жамет
Теректі ауданы