Казталов мектеп-лицейінде орналасқан №220 референдум учаскісіне жас отбасы Нұрбол Иманғалиев пен Назгүл Абдрасилова саяси науқанға немқұрайлы қарамай, өз таңдауларын жасауға келді.
– Жолдасым екеуміз азаматтық борышымызды орындауға келдік. Өзіміздің және келешегіміз, жарқын болашағымыз үшін таңдауымызды жасадық. Еліміз көркейіп, дамиды деп сенемін, - деді Н.Иманғалиев.
Мейірім Парасат
Казталов ауданы