6.10.2024, 16:11
Оқылды: 139

Бақылаушы: "Референдумда қоғамдық тәртіптің бұзылу фактілері тіркелген жоқ"

Бүгінгі республикалық референдумда Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бақылаушы болып отыр.

FB_IMG_1728212285880

Подстепный ауылындағы №360 учаскесінің бақылаушысы, "Ғасыр" қоғамдық бірлестігінің еріктісі Зухра Бақытжанова:

– Референдум ешқандай құқық бұзушылықсыз өтуде. Барлығы заң аясында жүзеге асуда. Конституциялық Заңның 20-1 бабының 2-тармағына сәйкес байқаушының құқықтары ескеріледі. Міндеттерді де естен шығаруға болмайды. Жалпы бақылаушы ретінде айтарым, Заң мен әдептің сақталуы басты назарда болуы тиіс. Біз осының арқасында өрескел әрекеттерге жол бермейміз,- деді өз сөзінде Зухра Бауыржанқызы.

Бақылаушы баяндағандай, референдумның ойдағыдай өтуі өзіміздің құқықтар мен міндеттерді жетік меңгеруге байланысты.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале