- №139 референдум учаскесінде «AMANAT» партиясы атынан бақылаушымын. Ұйымдастырылған референдум процесіне бақылау жасап, дауыс беру барысын және учаскелік референдум комиссиясының жұмысын бағаладым. Комиссия ережеге сай жұмыс жасауда. Референдум учаскесінде сайлаушылар, бақылаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін қажетті жағдайлар жасақталған. Дауыс беру барысында заң бұзушылықтар байқалған жоқ, - дейді Мендіхан Халиханов.
Бану Самат,
Жәнібек ауданы