Қазгидрометтің болжамына сәйкес, шығыста және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, таулы аймақтарда жауын-шашын, күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Республиканың батыс, оңтүстік және шығыс облыстарында жел күшейеді, түнде және таңертең оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +1–3 °C, күндіз +14–16 °C.