Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» үкімет қаулысын дайындады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Атап айтқанда, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады:
▪️ҚР Қарулы күштері – 700;
▪️ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80;
▪️ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131;
▪️ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Құжат қоғамдық талқылаудан өту үшін 21 қазанға дейін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.