Батыс Қазақстанның ақындары командасы, атап айтқанда, команда капитаны Мұрадым Мирланов, Бауыржан Ширмеден мен жерлесіміз Жансая Мусина "Хабар" агентство мен "ASSYLTAS" қоғамдық қоры жариялаған телевизиялық айтыстан жеңіске жетіп, "Асыл домбыраны" еншілеген еді. Бұған дейін Сырым, көршілес Жәнібекте таныстырылымы өткен титулды сыйлық бүгін Бөкей еліне жетті.
К.Меңдіалиевтің 110, Р. Егізбаевтың, М. Насимоллиннің, Қ. Ғайсиннің және Кеңес одағының батыры А. Құсайыновтардың 100 жылдық мерейтойларына арналған "Өлмейтұғын артына із қалдырған" атты ақындар айтысының алдында жұлдызды құрамаға құрмет көрсетілді.
Аудан жұртшылығы атынан ақын қызымыз Жансая Мусинаға ат мінгізілді. Бірақ Ғалымжанқызы сұңғылалық танытып, жолын батыс ақындарының бапкері, ұстазы Бауыржан Халиоллаға жолын берді.
Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы
суретке түсірген Эльдар Сатқанов