Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11КО) міндетті қарсылас белгіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Сурет спортшының жеке парақшасынан алынды
WBO ұйымының ресми хабарламасына сәйкес, Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын ұлыбританиялық боксшы Хамза Ширазға (21-0,17КО) қарсы қорғауы керек.
WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Қос тарапқа жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізу үшін 15 күн берілді. Егер боксшылардың командасы ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынады және ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленген.
Айта кетейік, отандасымыз жұма күні Сиднейде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті 9-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын сәтті қорғады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді. Алайда, Михайловичтің командасы тек IBF титулы үшін жұдырықтасатынын алға тартып, бокс кешінде WBO титулы сарапқа салынбады.
Сондай-ақ, WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлына чемпиондық атағын сақтап қалу үшін 5 күн уақыт берді.