Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген. Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі сеп болды. Алтын жүлде оған 300 ұпай әкелді.
Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура тұр.