11.10.2024, 12:45
Оқылды: 14

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирде Олимпиада жүлдегерін жеңді

Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_8344

Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен бетпе-бет келді. 

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Юлия есеп 5:3 болғанда, матчқа доп бергенімен, ол мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен ойнайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале