12.10.2024, 17:30
Оқылды: 9

Ұландықтар әлем рекордсменімен кездесті

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде көрнекті спортшы және қоғам қайраткері Сергей Цырульниковпен кездесу өтті. Іс-шараға Жәңгір хан университетінің экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіптік білім беру институтының "Бастапқы әскери дайындық" бағдарламасының студенттері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қатысты.

InShot_20241012_155427633

Сергей Валерьевич Цырульников — Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін рекордсмені, Туризм және спорт министрлігінің ресми елшісі, меценат, "Құрмет" және "Достық" мемлекеттік наградаларының иегері. Ол құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлерімен өз тәжірибесімен бөлісті, жастардың дене шынықтыру және моральдық дайындығының маңыздылығын талқылады, сондай-ақ өзінің мықты тұлға боп қалыптасуындағы патриотизмнің рөлін атап өтті.

InShot_20241012_154611744

— Мен үшін Отан қорғаушылар арасында болу үлкен мәртебе. Әскери дайындық денені нығайтып қана қоймай, рухты да қатайтады. Сіздердің әрбіріңіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтындарыңызға сенемін, – деді құрметті қонақ.

Кездесу аясында практикалық сабақтар, экскурсия, сондай-ақ студенттермен тәрбиелік әңгімелер ұйымдастырылды. Алып күш иесі құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сергей Валерьевич өзінің әскери бөлім клубында керемет күш көрсеткіштерін паш етті және өзінің әйгілі трюктерін көрсете отырып, шеберлік сыныбын өткізді: ол көрермендердің көзінше резіңке қапшықты үрлеп, темірден жасалған заттарды, болат шегелерді жалаңаш қолымен майыстырды.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Бекайдар Қазкеев осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

— Жас ұрпақты тәрбиелеу — біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі. Біз ел қорғаушыларына әскери дағдыларды ғана емес, оларды қызметте де, өмірде де бағыттайтын моральдық бағдарларды беруге тырысамыз, - деді Бекайдар Маратұлы.

InShot_20241012_155548190

Жәңгір хан университетінің басшылығы маңызды әскери-патриоттық іс-шараны ұйымдастырған 5517 әскери бөлімінің қолбасшылығына алғыс білдірді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале