Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, теология ғ. PHD Бауыржан Ботақараев іссапармен Бөрлі ауданына келді.
Мейманды Бөрлі ауданы әкімі орынбасары Алтай Тоқжанов қабылдады. "Парасат" ҚБ төрағасы Қанат Жакеновтың бастауымен Бауыржан Қуанышбайұлы Ақсай техникалық колледжінің студенттерімен, Ақсай қаласы №3 ЖОББМ оқушыларымен, жұмыссыз жастармен, мешіт жамағатымен "Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау", "Өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары" тақырыптарында кездесу өткізді.
Аталған іс-сапардың мақсаты жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу болып табылады.
Бауыржан Қуанышбайұлы тақырып төңірегінде баяндама жасады. Қатысушылар сұрақтарын қойып, ойларын ортағввчччввяа салды.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы