17.10.2024, 12:45
Оқылды: 118

Теректіде 25 жоба қолдау тапса, 1 867 адамға жұмыс бар

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуіндегі сөзінде «Бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс» - деп кәсіпкерлік саласының даму бағытына аса назар аударды.

IMG-20241017-WA0028

Теректіде сегіз ай қорытындысы бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 276 бірлікті құрады. Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындардың жалпы саны 4 462 адамды құрап, жалпы экономикалық белсенді халықтың 22 %-дық көрсеткішіне жетті.

Ауданның шағын бизнес субъектілері 25 млрд 675 млн теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, өз қызметтерін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы кезеңмен салыстырғанда 41,9%-ға көбейді.

Халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеруде инвестициялық салымдардың орны ерекше.

Есепті кезеңдегі негізгі капиталға салынған 15 млрд 797 млн теңге (2023 ж – 11,1 млрд тг.) немесе өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 136% құрады. Оның ішінде 3 млрд 743 млн теңге (2023 ж – 4,37 млрд тг ) кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты есебінен немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 23,7%-ы. Ауданда жеке инвестиция көлемін арттыру және жақсы инвестициялық климатты қалыптастыру, кәсіпкерлерге ақпараттық қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру бағытында арнайы жұмыс тобы қызмет атқарады. 

Бүгінгі күнге жалпы құны 398 млрд теңге болатын ірілі-ұсақты 25 жобаға қолдау көрсетілуде (құрылатын жұмыс орны – 1 867). Жыл басынан бері 5 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылды және 95 жұмыс орны ашылды.

Бұл игі істерді Батыс Қазақстан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова баяндады. Одан бөлек ол:

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы іскеасуда. Бағдарламаның мақсаты – ауылдық жерлердегі халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартып, табысын арттыруға және ауданның аграрлық секторын дамытуға бағытталған. 2023 жылы 117 жоба іске асып, 115 жұмыс орны құрылды. Жүргізілген талдау нәтижесінде аталған бағдарламаға қатысушылардың жалпы табыс көлемі орташа есеппен 108 мыңнан 243 мың теңгеге дейін немесе 123 пайызға артты. Әр отбасының әл-ауқаты жақсарып, бағдарлама ауыл тұрғындарына оң әсерін көрсетті. Бағдарламаға қатысушы округтерде сүт өндіру көлемі жылына 1 650 тоннаға, ет 155 тоннаға және жұмыртқа көлемі 300 мың данаға көбейді. Аталған бағдарлама кооперацияны дамытуға өзүлесін қосуда. Ауданда 30 ауыл шаруашылығы кооперативі белсенді жұмыс жасап отыр, - деді өз сөзінде.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале