18.10.2024, 15:30
Оқылды: 192

БҚО-да халықаралық және республикалық тасжолдар қысқа дайын

Батыс Қазақстандағы халықаралық және республикалық тасжолдар қыс мезгіліне дайын. Бұл туралы zhaikpress.kz редакциясының сұрағына жауап берген БҚО Жол активтері Ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы Дәурен Амиров айтты.

IMG_9056

Сурет: freepik.com

Халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдарды күтіп ұстау «ҚАЖсервис» ЖШС-нің мойнына жүктелген.

Батыс Қазақстан облысы бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы желісі 1 349 шақырымды құрайды, оның 245 шақырымына күрделі жөндеу жүріп жатыр.

– «ҚАЖсервис» мердігер ұйымында төрт жол пайдалану бөлімі, 105 бірлік техника бар. Подстепный, Тасқала, Жымпиты, Чапаев, Тайпақ және Жалпақтал елді мекендерінде 38 төсек-орынға арналған алты жылыту пункті және қысқы күтіп-ұстауға арналған алты гараж, химиялық реагенттерді сақтауға арналған тоғыз орын, үш  құм базасы, мен алты қойма дайындалды, - деп атап өтті Дәурен Амиров.

2024-2025 жылғы қысқы кезеңге кемінде 25 000 тонна мөлшерінде құм-тұз қоспасын дайындау жоспарланған. Бүгінде мердігер компания 30 шақты жаңа техника алған.

Бұлардың бәрі қыста автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жұмылдырылады деп атап өтті мамандар.

Жанат Қайырғожина

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале