19.10.2024, 9:00
Оқылды: 219

Жәнібекте 40 азамат жұмысқа жолдама алды

Кеше Жәнібек  аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалы, мансап орталығы және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

InShot_20241019_004717997

Жәрмеңкенің ашуылында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов:

- Соңғы жылдары аудан экономикасында орасан зор өзгерістер орын алуда. Атап айтқанда, еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және жұмыспен қамтылған халықтың тұрақты өсуі байқалады. Жәрмеңке өткізудегі мақсат – жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандарды таңдау үшін, ал жұмыс іздеушілер жұмысқа орналасып, сұхбаттасып, жүздесулеріне ықпал жасау, - деген ол екі тарапқа да сәттілік тіледі.

image-19-10-24-12-06

​Жәрмеңкеге 12 мекемеден 40 бос жұмыс орын бойынша сұраныстар келіп түсіп, сұраныс берген мекемелердің басшылары мен кадр мамандары қатысты. Аудандық полиция, білім беру бөлімі, аурухана, №1 мектеп-лицейі, Т.Жароков атындағы орта, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептері, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, «Жәнібек» бөбекжайы, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, демалыс орталығы, «Алтын ұя» бөбекжайы өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге келген 40 азамат жұмысқа жолдамаларын алды.

Гүлзара Мәди 

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале