20.10.2024, 9:30
Оқылды: 20

Жаңақала ауданында Жұбан ата Жүрдібекұлының 190 жылдығына орай конференция өтті 

Кеше Жаңақала аудандық мәдениет үйінде бөкейлік дін қайраткері Жұбан молда Жүрдібекұлының (1834–1923) 190 жылдығына және «Бесқасқа руының шежіресі» кітабының тұсаукесеріне арналған ғылыми тәжірбиелік конференциясы өтті.

image-19-10-24-06-18-1

Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлына ұсынылып, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді. Жиынды Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Алтынбек Ермекқалиев тізгіндеді.

image-19-10-24-06-18-3

Ерекше қасиетімен ел аузында қалған Жұбан молда жайлы тарихтан сыр шертілді. Әрі қарай, құрметті қонақтар таныстырылды. Қонақтардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті мүшесі Мұрат Наурызғалиұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нұрышқалиұлы, техника ғылымдарының докторы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Есенғали Ғилажұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Табылғали Сәтқалиұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжан Әділханұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, 500 беттік «Алтай батыр және оның заманы» кітабының авторы Жәнібек Аллаярұлы, ақын, журналист Болат Дәулетұлы, журналист, өлкетанушы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және «Бесқасқа руының шежіресі» кітабының авторы Қазбек Құттымұратұлы болды.

image-19-10-24-06-18

Шара барысында таңбаланған тарихты зерделейтін сан алуан баяндамалар оқытылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақжайық ауданының имамы Тұрсынғали қажы Төлеуғалиұлы да еліміздің әр түкпірінен жиналған қауымның арасынан табылды. Ол дін қайраткерлері мен бесқасқа руынан шыққан хазірет ишандар жайында сөз қозғап, 2019 жылы түсірілген Жұбан атаның өмірі мен қызметі туралы деректі фильм көрермендер назарына ұсынылды. Әрі қарай, Алматы қаласындағы «Атамекен» баспасынан күні кеше басылып шыққан «Бесқасқа беріш шежіресі» атты кітабының тұсауы кесіліп, жиналған қонақтар ақжарма тілектерін білдіріп, ізгі лебіздерін жолдады.

Сахна төріне бесқасқа руының ақсақалдар легі шақырылып, кітаптің лентасы қиылды. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқаларына сөз беріліп, алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Мереке аудан көркемөнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале