24.10.2024, 16:40
Оқылды: 93

Сырым ауданы әкімдігінің бөлімі – облыстағы «үздік бөлім» атанды

Сырым аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі Батыс Қазақстан облысы бойынша «Үздік бөлім» атанды. 

PHOTO-2024-10-24-14-36-38

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында жариялаған байқауының қорытындысы сырымдық әріптестерінің еңбегін биік бағалады.

Сырым ауданындағы бөлімді 2022 жылдан бері Кенжегүл Исатаева басқарады. Ұжымда 42 қызметкер бар.

Мекеме негізінен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен, масылдықпен күрес және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау шараларын жүзеге асырады.

Кешегі көктемгі су тасқыны уағында тұрғын үйі мен малы шығынға ұшыраған тұрғындарға өтемақы беруде де бөлім ерекше іскерлік танытты. Ұжымның басшысы Кенжегүл Исатаева аудан әкімі жанынан құрылған жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу бойынша комиссияның мүшесі ретінде ел ішінде елеулі еңбек атқарды.

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жас мамандардың да шыңдалып, шыңға ұшатын мектебіне айналып кетті.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале