24.10.2024, 17:00
Оқылды: 84

«Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!»: БҚО ПД-ның бастығы ескерту жасады

Бүгінгі күні кең таралған қылмыстардың бірі – алаяқтық. Қазіргі дамыған заманда алаяқтардың азаматтардың атынан онлайн несие алуы және адамдардың интернет-алаяқтық әсерінен қарызға батуы проблемаға айналды. Интернет желісінде жасалған қылмыстар, оның ішінде әлеуметтік желілерде вирустық сілтемелерді тарату туралы хабарландырулар көп кездесіп отыр. Бұл жөнінде БҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев ескерту жасап, халықты алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады.

3b43cc78-fb67-4742-815b-1f1680dec93c

Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары:

      • Ең бастысы кім болып хабарласса да қорықпаңыз!
      • Қазақ тілінде сөйлеуді талап етіңіз
      • Белгісіз адамға жеке мәліметтер, құпия кодтарды айтпаңыз
      • Фотосуретке түсуді сұраса, келіспеңіз
      • Белгісіз сілтемелерді жүктемеу керек
      • Ең дұрысы сөйлесуді доғарған жөн

Биыл тоғыз айда БҚО-да 333 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 фактіге немесе 6,5%-ға төмендеді.

Ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алаяқтық фактілер кезінде пайдаланылған дропперлердің 266 банктік есепшоттары және алаяқтар қонырау шалған 392 ұялы телефон нөмірлері бұғатталды.

«Cyberpol» тобы құрылғаннан бері бірнеше қылмыстық істер ашылған. Олардың ішінде эпизодтық бірнеше істер бар. Атап айтқанда, РФ азаматына қатысты 8 эпизодтық қылмыстық іс ағымдағы жылы сотқа жолданды (келтірілген шығын 23 133 500 тг). Сонымен қатар пәтерді жалға беру сылтауымен «krisha.kz» қосымшасында арқылы алаяқтық жасаған Орал қаласы тұрғыны «М» есімді азаматқа қатысты 5 эпизодтық қылмыс іс сотқа жолданды.

Қазіргі уақытта «WhatsApp» мессенджері арқылы өзін тумасы ретінде таныстырып алаяқтық жасаған облыстың 3 тұрғынына қатысты эпизодтық қылмыстық істер сотқа жолдау жоспарлануда (келтірілген шығын 1 275 100 тг).

Тоғыз ай қорытындысы бойынша облыс тұрғындарына интернет-алаяқтар тарапынан 784.446.642 тгшығын келтірілді, оның 37.050.903 тг жәбірленушілерге қайтарылды.

Жалпы тіркелген 333 интернет-алаяқтық фактілерінің 75-сі зейнеткерлер, 33-і мұғалімдерге, 41-і дәрігерлерге, 88- жұмыссыздарға және 96-сі жеке кәсіпте жүрген тұлғаларға қатысты жасалған.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың ең көп таралған түрлері бұл банк қызметкері болып таныстыру – 279 факті тіркелді, танымал қосымшалардан тауарлар сатып алу – 26 факті, инвестиция – 11 факті және тағы да басқа 17 факті тіркелді.

2024 жылы 3 мәрте «Anti-Fraud» республикалық және «Stop-интернет алаяқтық» облыстық ЖПІШ өткізіліп, іс-шара барысында 54 қылмыс ашылды.

Алаяқтық фактілеріне қалай төтеп беруге болады? 

Алаяқтар кез келген нөмірді қолдан жасап, сол нөмірден түрлі SMS жолдап, сендіруге тырысады. Сондай-ақ, кейінгі шыққан түрінде құқық қорғау органдарында істейтін адам ретінде таныстырып, қызметтік куәлігін, жеке куәлігін, қауіпсіз есепшоттың реквизиттерін, өзге де нұсқаулықтарды жолдап отырады.

Қазір заман дамығалы алаяқтық әдістерінің де небір түрі қоса шығып жатыр. Заманауи технологиялардың көмегімен банктің байланыс орталығының нөмірін қолдан жасап, содан хабарласқандай кейіп танытады. Тағы бір айта кетерлігі, алаяқтар Қазақстанда ғана емес, тіпті басқа елде де отырып, алдап түсіруі әбден мүмкін.

Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады.

Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, криптобиржа саудасына шақыру, инвистициялық фондтарға тарту, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр.

«Сондай-ақ, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, «EGOV» сайты арқылы несие алуға бұғаттау шартын орындауға, спам хабарламаларға сенбеуге шақырамын. Осы талаптарды сақтау арқылы әр адам алаяқтардан өзін қорғап жүре алады», - деді БҚО Полиция департаментінің бастығы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале