Ақжайық ауданында мемлекеттік мереке Республика күні құрметіне көптеген тартымды, мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.
Бүгін аудан орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі салтанатты түрде өтіп, осында аудан әкімі Мұрат Сердалин жиналғандарды рухы асқақ мерекемен құттықтады.
Туды Ақжайықтың дарабоздары, мақтаныштары Абай атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы, республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы Аруна Зайдуллина мен аударыспақтан аудан, облыс атын республикаға шығарған жеңімпаз спортшы Қайнар Қосмағұлов көтерді.
Осыдан соң жиналған жұрт авто және велошерумен аудан көшелерін айналып шықты.
Асыл Қайрат
Ақжайық ауданы