28.10.2024, 17:45
Оқылды: 44

Талғардағы оқиға: Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бес бап бойынша тіркелді

Алматы облысы Талғар қаласындағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Мәжіліс депутаттарына берген ресми жауабында айтылған, деп жазды ҚазАқпарат.

Полиция ЖП (жаңа фото)

Министрдің жауабында келтірілген дерекке сенсек, Шерзат Полаттың өліміне қатысты Алматы облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп, тергеуге алған.

«Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері де жұмыс істеп жатыр. Алғашқыда оқиғаның себебіне қатысты әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын әр түрлі мәліметтің көп таралуына байланысты министрлік (Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сай) 15 қазанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, кей тергеу мәліметтерін жария етті. Брифинг қоғамды алаңдатқан кейбір мәселелерді қамтыды», — деп жазылған Ержан Сәденовтің жауабында.

Ведомство басшысының сөзінше, қазір тергеу жалғасып жатыр, оның барысында оқиға болған жерде болған басқа да адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп, әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале