30.10.2024, 23:30
Оқылды: 121

Оралда қайырымдылық айы аясында шығармашылық фестиваль өтті

Бүгін қайырымдылық айлығы аясында «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің және Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның бірлесіп ұйымдастыруымен мүгедектігі бар адамдар арасындағы ХХVІ облыстық шығармашылық фестивалі өтті.

9b9d3a66-4133-4519-a1b9-d80c52fb6f70

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Искакова, «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған фестивальға Жаңақала, Бөрлі, Теректі, Тасқала, Бәйтерек, Бөкей Орда, Қаратөбе, Казталов, Сырым, Шыңғырлау, Ақжайық, Жәнібек аудандарынан және Орал қаласындағы Қазақ соқырлар қоғамының, «Бойтұмар» мәдениет клубының өнерпаздары қатысып, өзара бақ сынады.

fd7ff472-49ba-4d0b-ae93-a96c909143d6

Қатысушыларға эстрадалық вокал, көркемсөз оқу, көрме номинациялары бойынша алғысхат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.

a8c213c3-802c-4843-8653-f590d754c06e

Шара соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар естелік суретке түсті.

Айжан Амангельдина,

ҚР Журналистер одағының мүшесі,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале