1.11.2024, 0:00
Оқылды: 216

Теректіліктер қарттарға құрмет көрсетті

Әке мен шеше сәбиін қолға алғанда қалай елжірейтінін, қолында төрткүл дүние тұрғандай шаттанатынын айтпаса да түсінікті шығар. Тоғыз ай құрсағында көтерген ана да, өле-өлгенше тілеуін тілейтін әке де ұрпағының аман жүргенін қалайды. Дерті жандарына батқанымен балалары үшін тырмысады. Салмақ салғысы келмейді. Жақсы өмір сүргенін қалайды. Ал оны бауыр еті балалары жете түсіне ме? Әркімнің тағдыры әрқилы болған соң тап басып айту тағы да қиын...

IMG-20241031-WA0053

Хош... Бүгін Теректі ауданының жұртшылығы қарттар үйіне барды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова қайырымдылық айлығы аясында сөз қозғап, жылы лебізін білдіріп, өткен қариялар мерекесімен құттықтады. Аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымы да бұл іс-шараға жұмыла атсалысып, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

IMG-20241031-WA0030

"Батыс Қазақстан облысы мүгедектерінің ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің аудандық филиал төрағасы Назгүл Мағзомова да ортадан табылды.

IMG-20241031-WA0019

– Қайырымдылық айлығы бір кезек болса да, айналамызға мейіріммен қарауды үйретеді. Үлкенге құрмет көрсетуді, ізетпен сыйласуды парыз санайтын ұрпақ бар. Біз бармыз. Күні бүгінге дейін өңір жұртшылығы келіп, құттықтап жатқанынан хабардармыз. Теректіліктер осы құттықтаулардың әдемі нүктесін қоюға келді, - деді Арайлым Махметқызы.

IMG-20241031-WA0050

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының Әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Әсемгүл Қашқынбаева өз сөзінде жерлестеріне алтын уақытын бөліп келген теректіліктерге алғыс айтты.

IMG-20241031-WA0017

Аудан өнерпаздарының әуезді әндеріне көңілі серпілген олар би билеп, балаша мәз болды.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале