Шыңғырлау ауданының азаматтық қорғау гарнизонында қысқы кезеңге дайындық пысықталды.
БҚО ТЖД Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бахтияр Катчеков алдағы қысқы маусымға дайындықты пысықтау мақсатында аудан аумағында орналасқан №23 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы мен техникасының дайындығын, жылыту құралдары, қыста пайдаланатын қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етілуі бойынша саптық байқау өткізді.
– «Қыстың көзі қырауда» демекші, күн райы қазір бұзылып, құбылмалы болып тұр. Алдағы уақытта қытымыр қыстың аяз-бораны да қыр астында. Сондықтан қандай да болсын тосын жағдайларға сақадай сай болуымыз керек, - деді бөлім бастығы.
Қараудағы бар техникалар бүгінде қалыпты жүмыс ырғағына әзір, барлық қажетті құрал-саймандар жеткілікті.
Гүлім Шынтас
Шыңғырлау ауданы