7.11.2024, 11:15
Оқылды: 147

Орал қаласы әкімі не үшін ақша төледі?

Сот шешімін орындамағаны үшін Орал қаласының әкіміне ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылады. Яғни шаһар басшысы мемлекетке 590 720 теңге (110  АЕК) төлеуі тиіс. Бұл туралы БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Альбина Әбілкәрімова тілшілерге берген сұхбатында айтты.

ЖП АҚША

Саяжайда тұратын 15 адам, яғни талапкерлер 2023 жылы қала әкімдігіне баубақша серіктестіктерінде жер учаскелерін бөлу туралы өтінішпен жүгінген. Алайда әкімдік бас тарту туралы қаулы шығарған. Талапкерлер бұл шешімді заңсыз деп танып, екі талапарызбен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жүгінді. Сот бірінші іс бойынша бау-бақша серіктестіктеріндегі талапкерлердің учаскені күтіп ұстау ауыртпалығын көтергенін және көтеретінін, мүшелік жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындайтынын анықтады.

Сондай-ақ сот саяжай қоғамдарының шекараларын белгілемеу талапкерге жер учаскесін жеке меншікке алуға кедергі болмайды деп есептеді. Жеті талапкердің талап қоюлары толық көлемде қанағаттандырылды. Ал қала әкімдігінің қау

лылары заңсыз деп танылды. Сот жауапкерді сот шешімі күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде баубақша өсіруге жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдап, талапкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндеттеді. Екінші істің материалдарына сәйкес, екі талапкер уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығымен жер учаскелеріне иелік етеді. Бұл учаскелерде тіркелген ғимараттар орналасқан.

Сот қос талапкердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жаңа жер учаскелерін емес, өздерінің иелігіндегі, бұрын берілген жерлерді (қосымша учаске) талап етіп отырғанын анықтады. Осыған байланысты сот талап қою талаптарын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Екі талапкердің талап қоюлары қанағаттандырылды. Жауапкерге талапкерлердің өтініштерін қайта қарау міндеті жүктелді. Қалған 6 талапкердің талап қоюларын  қанағаттандырудан бас тартылды. Соттың екі шешімі де заңды күшіне  енді, – деді судья.

Алайда жауапкер, яғни Орал қаласының әкімі соттың шешімін мерзімінде орындамаған. Бұл ҚР Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің 127бабына сәйкес ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолдануға әкеп соғады. Сондықтан әкімге сот шешімдерін орындамағаны үшін шара қолданылады. БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымдарымен Орал қаласының әкіміне әр іс бойынша 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу салынды. Бұл – 369 000 теңге.

Бірақ қолданылған ақшалай өндіріп алуға қарамастан, жауапкер екінші әкімшілік іс бойынша соттың шешімін орындамады. Осыған байланысты соттың ұйғарымымен жауапкерге 60 АЕК мөлшерінде (221 520 теңге) қайта ақшалай өндіріп алу салынды. Соттың ұйғарымдары заңды күшіне енді.

Судья айтып өткендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сай күшіне енген сот шешімдері, үкімдері мен қаулылары ел  аумағында міндетті түрде орындалуы тиіс. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім ақшаны төлеген.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале