13.11.2024, 21:00
Оқылды: 13

Жәнібек ауданында алаяққа алданған жәбірленушінің 700 мың теңгесі қайтарылды

Қазан айының басында 20 жастағы М. есмді Орал қаласының тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Тайландқа арзан тур алып, желі арқылы танысқан адамға 700 мың теңге аударған. Алайда алаяқ ешқандай тур ұйымдастырмай, ақшаны алып, із-түссіз жоғалып кеткен. Алдын ала деректер бойынша алаяқ Жәнібек ауданында екені анықталған.

1

Сурет: Istockphoto

Жедел-іздестіру шаралары барысында Жәнібек аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры Қуаныш Жұмақаев пен аға анықтаушы, полиция майоры Әділет Әбуов күдіктіні анықтап, ұстады. Нәтижесінде жәбірленушінің шығыны толық өтеліп, ақшасы қайтарылды. Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жәбірленуші Жәнібек ауданының полиция қызметкерлеріне қылмысты жылдам ашып, қаражатты қайтарғаны үшін алғысын білдірді.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале