Акциялар нарығын капиталдандыру 83%-ға, яғни 32 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Қазақстанның қаржы секторы еліміздің экономикалық мақсаттарына қолжеткізуін белсенді қолдай отырып, тұрақтылық әрі сенімді өсуде. Қаржы ұйымдарының жиынтық активтері 5 жылда 2 еседен аса 65 трлн теңгеге дейін ұлғайып, ІЖӨ-нің 52%-ына жетті. Өсу қаржы нарығының барлық секторында байқалады. Банк секторының активтері 5 жылда 2 еседен аса 58 трлн теңгеге дейін өсті. Банк секторы тұрақты және жақсы капиталдандырылған. Банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі белгіленген нормативтерден 3 есе артық. Сақтандыру ұйымдарының активтері де 2 еседен аса 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Акциялар нарығын капиталдандыру 5 жылда 83%-ға 32 трлн теңгеге дейін өсті (осы кезеңде KASE-ге 150 жаңа эмитент шықты). Барлық кредиттеу субъектілері реттеу аясына енгізілгелі микроқаржы секторының активтері 2019 жылдан бастап 8 есеге жуық өсіп, 2,8 трлн теңгеге жетті, - деді Мәдина Әбілқасымова.
2023 жылы Ұлттық банкпен бірлесіп Open API стандарттары әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің 62%-ы Open API стандарттарын қолданады.
Фото: Baq.kz