Садриддин Ага-Хан III-тің Cartier изумруды аукционда сатылып, жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы sunlight зергерлік энциклопедиясы хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.
Фото: sunlight.net
Гауһар таспен көмкерілген жасыл тас рекордтық сома 9 миллион долларға сатып алынды.
– Осылайша, бұл изумруд әлемдегі ең қымбат жасыл тасқа айналды, - делінген хабарламада.
1960 жылы Садриддин Ага-Хан өзінің қалыңдығы Нина Шейла Диараға Cartier әшекейлеріне тапсырыс берген. Оның өтініші бойынша брошь 37 караттық зүміретпен безендірілген.
1969 жылы Диара жануарларға көмектесу үшін ол зүміретті аукционға қойды. Оны француз зергерлік компаниясы Van Cleef & Arpels 580 000 швейцариялық франкке сатып алған.
Бірнеше жылдан кейін бұл тас «Гауһар патшасы» лақап атымен Гарри Уинстонның қолына өтті. Ол одан алқа жасады, ал 2024 жылдың қарашасында Садриддин Ага-Ханның сыйлығы аукционда қайтадан пайда болды.