17.11.2024, 22:07
Оқылды: 80

 Дариян ауылында «Бәйтерек ханшайымы – 2024» атты қыз сыны байқауы өтті

Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орай Дариян ауылдық мәдениет үйінде аудандық қыз сыны байқауы өтті. Ақылына көркі сай сұлулар байқауда «Бейне таныстырылым» өзін таныстыру, «Сұрақ-жауап», «Арулар ұсынады өз өнерін» өнерлерін ортаға салу және «Дефиле»  ұлттық нақышта сән үлгісін көрсету  бойынша сынға түсті. Сайыста 8-13 жас аралығындағы қыздар бақ сынады.

2

Шара шымылдығын жүргізуші Асылан Ислямов ашып, байқауға төрелік ететін әділқазылар алқасын таныстырды. Олар аудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл Намазова, Дариян ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлжайна Ермекқалиева, «Пчела-Майя» жеке балабақша меңгерушісі Назгүл Ихсангалиева.

Айту керек, іс-шараға аудандық мәдени-демалыс орталығы, «Гулиев» ЖК кафесі, «Ай-Луна» дәмханасының директоры Адиль Гулиев, «Қуаныш әлемі» ЖК иесі Данагуль Ишмухамбетова және «Желаев Нан» ЖШС басшысы Олег Талецкий демеушілік етті.

Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Какенов баршаны «Бәйтерек ханшайымы – 2024» байқауының ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік  тіледі.

Байқауға қатысушылар өздерін ерекше таныстырып, тосыннан қойылған сұрақтарға да мүдірмей жауап берді. Дефиле кезеніңе келгенде ұлттық нақышта тігілген келісті көйлектерімен көрермен көзайымына айналды. Өнерден де кенде еместіктерін байқатып, мың бұрала билеп, әсем ән әуелетті. «Бәйтерек ханшайымы – 2024»  байқауының жүлдегерлері кешкі гала-концерте анықталды.

Әділқазылардың шешімімен мичуриндік Айзере Қазиолла «Бас жүлде» ұтып, биылғы жылдың Бәйтерек ханшайымы атанды. І орын  дарияндық Жібек Әбекешке бұйырып, ІІІ орынды Володар ауылынан келген Айша Маймай мен Переметный ауылының тұрғыны Кәусәр Рашит өзара бөлісті. Ал қалған  қатысушылар дипломант атанып, ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.

- Мәдениет ошағында таңнан бері «Бәйтерек ханшайымы-2024»   байқауның іріктеу кезеңі өтті. Біз үшін осында тұрған әрбір қатысушы ханшайым, алайда байқау болғасын төрт кезең бойынша бағалауға тырыстық. Өте керемет мереке болды, ханшайымдар ортада таланттарын паш етті», - деді шара соңында сөз алғанаудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл Намазова.

Дина Ахметова,

Дариян ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале