20.11.2024, 15:45
Оқылды: 35

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ҚР-да мұнай тасымалдау көлемі шамамен 57,8 млн тоннаны құрады

"2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайды тасымалдау көлемі 57,8 млн тоннаны құрады", - деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігі.

2bb28118814dabceb77837d0c0cdaac9_1280x720

Фото: www.gov.kz

Тасымалданатын мұнайдың 26%-дан астамы немесе 15,1 млн тонна отандық МӨЗ-ге жеткізілді.

Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы шамамен 46,3 млн.тонна мұнай тасымалданды.

«Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен
7,2 млн. тоннаны құрады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.

10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде Махачкала портының бағыты бойынша 1,6 млн.тонна мұнай жөнелтілді, «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағытында 1,2 млн. тонна жөнелтілді.

«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының бағыты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалдау жүзеге асырылды.

Сондай-ақ 10 айдың қорытындысы бойынша ҚР аумағы арқылы мұнай транзиті 8,4 млн.тоннаны құрады, оның ішінде Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша 8,2 млн. тонна, Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы 217 мың тонна мұнай.

Қазақстандық мұнай Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және т.б. елдерге экспортталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале