21.11.2024, 21:00
Оқылды: 28

Қабырғаға жабыстырылған банан 6,2 миллион долларға сатылды

Sotheby's аукцион үйі қабырғаға жабыстырылған бананнан тұратын өнер туындысы сәрсенбі күні аукционда криптокәсіпкер Джастин Санға 6,2 миллион долларға сатылғанын хабарлады, деп жазады Reuters.

d90ba698-3de2-4344-9eb9-7c69d55bd105Сурет: tvrgomel.by

Италиялық суретші Маурицио Каттеланның «Комедиан» туындысы алғаш рет 2019 жылы Art Basel Майамиде дебют жасаған кезде өнер әлемін таң қалдырды.

Сәрсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's аукционына түскеннен кейін бес минуттың ішінде бастапқы баға 800 000 доллардан 5,2 миллион долларға дейін көтерілді. Бұл сомаға сатып алушының сыйлықақысы (комиссия) да қосылды.

Sotheby's мәліметі бойынша, соңғы баға алдын ала болжанған 1,5 миллион доллардан айтарлықтай асып түсті.

Жұмысты қытайлық коллекционер және Tron платформасының негізін қалаушы Джастин Сан сатып алған.

Artnet.com сайтының хабарлауынша, жеміс бұзылып кеткен жағдайда, сатып алушы бананды өзі ауыстырып алады.

«Бұл жай ғана өнер туындысы емес. Бұл өнер әлемдерін, мемдер мен криптовалюта қауымдастығын байланыстыратын мәдени феномен болады. Бұл жұмыс болашақта жаңаша ойлау мен пікірталас тудырып, тарихтың бір бөлігіне айналады деп ойлаймын»,- деді Сан.
Бұған дейін бельгиялық сюрреалист-суретші Рене Магритттің 1954 жылы салған «Жарық империясы» картинасы Christie's аукционында рекордтық баға - 121,2 миллион долларға сатылғаны хабарлаған болатын.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале