Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Tugurym» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлттық мұрамызды ұлықтап, бүгінгі жас келіндер арасында ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру және өнерге, кәсіпке, еңбекке жетелеу, қазақ келіндеріне тән әдемілік пен ізеттілік, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау, ақылды да, үлгілі келіндерді елге таныстыру мақсатында «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай» атты облыстық келіндер сайысы өтті.
«Мен қазақтың келінімін», «Білгенге маржан», «Келінге әсемдік жарасады», «Анамның тәрбиесі, «Ана көрген тон пішер» атты 5 кезеңнен тұрған сайыста ауданымыздың намысын қорғаған ақобалық Бисенғалиевтердің отбасының инабатты келіні, хореограф Қырмызы Бисенғалиева жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бірінші орынды Бөкей ордасының келіні алса, екінші орынға Қаратөбе ауданы ие болды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы