25.11.2024, 9:46
Оқылды: 18

Су кодексінің жобасына жаңа пункттер қосылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасына су нысандарын ластанудан, бітелуден және сарқылудан қорғау бойынша жекелеген пункттер қосты.

Өзен ЖП / Гүлмира С.С

Сурет архивтен/zhaikpress.kz

Мәселен, су нысандарына коммуналдық, өнеркәсіптік және басқа да қатты немесе ерімейтін қалдықтарды, сондай-ақ ластайтын заттарды тастауға тыйым салынады. Жіберілетін ағын су алдын ала тазалануы керек. Бұл ретте тазартылған ағын суды емдік-сауықтыру мақсатта пайдаланылатын су нысандарына жіберуге тыйым салынады.

Су нысандарын сарқылудан қорғау үшін су пайдалану лимиттерін белгілеу, су ресурстарын басқарудың жаңа технологияларын енгізу әрі қолдану, су айындарын қорғау және басқа да іс-шаралар көзделеді.

«Жаңа Су кодексінің жобасы су нысандарын қорғау жөніндегі іс-шараларды едәуір кеңейтеді және су пайдалануды реттеуді жетілдіреді. Су нысандары экожүйесін сақтау үшін судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі айқындалған - «экологиялық ағын» ұғымы енгізілуде. Бұл су көздерін сарқылудан және басқа да жағымсыз әсерлерден қорғайды», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале