28.11.2024, 0:00
Оқылды: 6

Жәнібек ауданында мәдениет үйлеріндегі музыкалық аппаратуралар жаңартылды

Жәнібек ауданына іссапармен келген Қайыржан Меңдіғалиев ардагерлермен кездескеннен кейін аудандық мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Биыл мәдениет саласына аудандық бюджеттен 40 млн теңгеден аса қаражат жұмсалды. Аудандағы барлық мәдениет үйіне жаңадан музыкалық аппаратура алынды.

image-27-11-24-11-37-6

Сонымен қатар сахналық киімдер жаңарып, аудандық мәдениет үйіне бір микро автобус сатып алынды.

image-27-11-24-11-37-7

Танысу барысында Қайыржан Меңдіғалиев сахнада «Жәнібек сазы» халықтық фольклорлық ансамблінің дайындығын көрді. Мәдениет үйінің ғимаратында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен балалар кітапханасы орналасқан. Сол себепті ыңғайсыздық туындап отыр. бірақ бұның барлығы уақытша. Алдағы уақытта кітапханаға арнап бөлек ғимарат салыну жоспарланып отыр. Осы орайда Қайыржан Ермекұлы кітапханашылар мен мәдениет қызметкелерінен сәл шыдамдылық танытуды сұрады.

image-27-11-24-11-37-3
Мәдениет үйінен соң орынбасар аудандық балалар-жасөпірімдер спорт мектебіне ат басын тіреді. Аталған мектептің басшысы Сырым Байсов туындап тұрған мәселелерді алға тарты. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты 1968 жылы салынған. 2010 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимараттың төбесі апатты жағдайды. Жауын-шашын жауған күндері ішке су өтіп, үй-жай ылғалданады. Аталған мәселе волейбол, үстел теннисінен дайындыққа келіп жүрген оқуышлардың денсаулықтарына қауіпті болып тұр. Сырым Жәрдемұлының айтуынша, мектеп тікелей облыстық спорт басқармасына қарайды. Облыстан жөндеу жұмыстарына қаражат сұрағанмен, мектепті жөндеу әзірге жоспарға салынбаған. Мәселені көріп, жазып алған Қайыржан Ермекұлы алдағы уақытта шешімі болатынын жеткізді.

image-27-11-24-11-37-5
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ұзынкөл ауылдық мәдениет үйінде болды. Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының екінші қабатында ауылдық кітапхана орналасқан. Қазіргі таңда ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың айтуынша, «Қазақстан халқына» қоры арқылы кітапханаларды модернизациялау бағдарламасы қабылданған болатын. Аталған жоба аясында облыс бойынша 25 кітапханаға реконструкциялау, модернизациялау жұмысы жоспарланған. Соған сәйкес аудан бойынша Ұзынкөл ауылдық кітапханасы бағдарлама аясында тізбеге еніп, биыл аудандық бюджеттен 5 млн қаржы бөлініп, кітапхана бөлмелеріне бекітілген эскиздік жоба бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде аталған қор аясында кітапхананы жабдықтау, қажетті құрал-жабдықтарды, оқулықтарды жеткізу бойынша жұмыстар жоспарланған. Аталған жұмыстар жыл соңында аяқталады деп күтілуде. Облыс әкімінің орынбасары жүргізіліп жатқан жұмыстарды көріп, өзінің оң бағасын беріп, бағдарлама аясында жұмыстарды облыстық мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, аяқтауды тапсырды.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале