28.11.2024, 16:45
Оқылды: 33

Жалған ақпарат таратып халықты митингіге үндегендер жауапкершілікке тартылады – БҚО Полиция департаменті

Бұл туралы БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали айтты.

Тик-ток желісінде 2022 жылғы Орал қаласындағы «Қаңтар оқиғасының» видеосынан үзінді таратып, халықтың ішінде жалған ақпарат беріп отырған парақшалар барын байқауға болады.

видео

Скриншот әлеуметтік желіден

Парақша әкімшілігі ескі видеоны салып «Орал көтеріліп жатыр» деген бағытта ақпарат берген.

Біз осыған қатысты Полиция департаментінен түсінік беруін сұрадық.

– Әлеуметтік желіде 23 қараша күні Оралда халық көтеріліп жатыр деп тарап жатқан видеолар шындыққа жанаспайды. Олар 2022 жылдың 4-5 қаңтары күні болған оқиғаны таратып отыр. Бұлай халықты жалған ақпаратпен арандатуға полиция жол бермейді. Қазір публикация авторын анықтау жұмысы жүріп жатыр. Мұндай жалған хабарлар таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бап бойынша адамдарды үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 3 000 АЕК айыппұл салу көзделген. Облыс тұрғындарын тек сенімді ақпарат көзіне сенуге шақырамыз, - деп атап өтті БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпарат таратуға жол берілмейді.

Бізде азаматтарды халықты арандататын жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале