3.12.2024, 23:30
Оқылды: 56

«Теректі ауданының құрметті азаматы» атағы табысталды

Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев «Теректі ауданының Құрметті азаматы» атағын аңқатылық Кеңес Сақпаевқа табыстады.

IMG_9001
Ауданның құрметті азаматы дегеніміз – ауданның дамуына, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани өміріне ерекше үлес қосқан, беделді әрі сыйлы тұлға.
Мұндай мәртебе азаматтарға халықтың құрметі мен алғысы ретінде беріледі. Бұл атақ, әдетте, жергілікті әкімдік немесе аудандық мәслихаттың шешімімен тағайындалады.
Кеңес Ишмұханұлы 1936 жылы Аңқаты ауылында дүниеге келген. Ол 1955 жылы әскер қатарына алынады. Польша мемлекетіндегі Штеттен қаласында 6 айлық авиамеханика училищесінде оқиды. Әскерден оралған соң Аңқаты совхозында жүргізуші болып, слесарь-жөндеуші қызметіне дейін атқарады. Егін науқанында комбайн жүргізушісі болған ол өз заманында еселі еңбек етеді. Маңдай терінің нәтижесінде Қызыл орденмен, КСРО-ның мадақтама грамотасымен, қола һәм «Юбилейный» медальдарымен марапатталған.

1977 жылы Жерорта теңізі арқылы кеме круизбен Копенгагенде болып, Лондонға сапарлатқан. Саяхатта жүріп 3 күн Францияда қоныс тепкен. Сол кездің өзінде Париж қаласында Эйфель мұнарасына саяхат жасаған. Португалия, Италия, Түркияда болып, кеме жолында Одесса қаласына тоқтаған. Ақсақал 1992 жылы зейнет жасына шығып, өмірін отбасына арнайды. Бейнетті де біркісідей көре білген ол сан сынаққа сынбаған. Керісінше әр сәттен сабақ алып, өз-өзін қамшылай білген.

IMG_9004
Әлия Биғазықызы, Әлжан Жақсыгерейұлы, Мирхат Мақсотұлы Кеңес атайдың шаңырағына барып, ізгі лебіздерін арнап, ауданның Құрметті азаматының деніне саулық тіледі.

Ақтілек Орынбасар,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале