6.12.2024, 21:00
Оқылды: 73

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»: Жәнібек ауданында көшпелі отырыс өтті

Бүгін аудандық ішкі саясат, полиция бөлімдері, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудан бойынша өтетін «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында, бірлескен жоспар бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға психологиялық, заңгерлік көмек көрсету жөнінде Ақоба, Ұзынкөл ауылдарында көшпелі отырыс өткізді.

image-06-12-24-06-47

Бұл отырыстың негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге; ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының, оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға; сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету; отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы таныстыру болатын.

image-06-12-24-06-47-2
Жиынға аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Балхия Тұрашева, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Елемесова, аталған бірлестіктің мүшесі Гүлзия Хамиева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Сапашева, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Меңдіхан Халиханов, заңгері Жаңгелді Төлепқали, Тау ауылы Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің психологі Назерке Қадырова қатысты.
Балхия Маратқызы шараның өткізу мақсатын түсіндіріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына тоқталды.
- Қазіргідей дамыған заманда тіршілік тірегі әйел теңдігін, табиғатынан қамқорлықты қажет ететін нәзік жандардың құқығын қорғау қай қоғамда болсын, басты мәселе саналады. Адам құқығы заңмен қорғалады. Соны біле тұра өзгенің ар-намысына тиіп, үстемдік жасауға жол беру тыйылмай келеді. Жыл сайын қаншама әйел зорлық-зомбылықтың құрбанына айналып, бірі үрей мен қорқыныштың жетегінде өмір сүріп, енді бірі құрбан болып жатыр. Ал ошақ басындағы дау есіктен шықпай, ұят, өсек боладыға салынып, жабулы қазан жабулы күйінде қалып жатқандары қаншама, - деді ол.
Ал, психолог Назерке Талғатқызы осы тақырыпқа байланысты өз ойын жеткізіп, тренинг өткізді.
«Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Ғарифоллақызы:
-Зорлық-зомбылыққа ұшырайтын адамдар құқықбұзушының ең жақыны, жанашыры, бірге тұратын отбасы мүшелері болып жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде көбіне әйел адамдар зардап шегеді. Ауданымызда қоғамдық зорлық-зомбылықтан қиянат көрген адамдарға отбасын қолдау және сақтау мақсатында түрлі көмек көрсетіп келеміз, - деді өз сөзінде.
Гүлзина Сағынбекқызы да адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керектігін тілге тиек етті.
- «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын пайдалы өткізуін қадағалау керек. Соңғы уақытта республика көлемінде орын алып жатқан адам шошырлықтай түрлі жағдайлар негізінде қыздармен бір бөлек, әйелдер, соның ішінде аналармен бір бөлек жиналыстар өткізудеміз. Қоғамдағы және отбасындағы әйелдің рөлі, әйел бақыты, жанұядағы жарасымдылық пен бала тәрбиесі жөнінде өз ойларыңызды еркін айтып, қандай да бір мәселе мазалап жүрген болса, сұрақтарыңызды қоя берсеңіздер болады, - деді ол.

image-06-12-24-06-47-1
Жиын соңында тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале