15.12.2024, 22:28
Оқылды: 326

Бәйтеректе мәслихаттың су жаңа депутатына депутаттық куәлік пен төсбелгі табысталды

8 желтоқсанда №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған ауданы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау болғаны белгілі. Таяуда аудандық аумақтық сайлау комиссиясында өткен жиында сол сайлауда жеңіске жеткен Ерлан Кужумовқа депутаттық куәлік пен төсбелгі табысталды.

IMG-20241215-WA0031
Жиынды ашқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласовтың сөзінше, осынау саяси науқан кезінде сайлаушылар тізіміне енгізілген 3261 азаматтың 1901-і (58,3 пайыз) өз таңдауларын жасаған. Олардың 1322-сі (73,1 пайызы) «АМАNАТ» париясының атынан ұсынылған Ерлан Кужумовқа сенім білдірген.
- Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасы негізінде және ҚР Конституциясы талаптарына сәйкес Ерлан Мұратұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылдың 12 желтоқсандағы №6 қаулысымен аудандық мәслихаттың депутаты болып тіркелді,- деген Радик Мақсотұлы су жаңа депутатқа куәлік пен төсбелгі табыстады.
Жиында барысында «АМАNАТ» париясы аудандық филиалының төрағасы Бибігүл Ахметжанова айтқандай, Ерлан Мұратұлы осыдан үш жыл бұрын өзі арнайы келіп, саясатқа араласқысы келетінін айтып, партия қатарына өткен. Содан бері ол түрлі іс-шаралардың белортасында жүр. «Партияның конференциясы кезінде осы сайлауға орай әріптестеріміз өзіміздің жерлесіміз, осы Переметный ауылында туып-өскен, мұнда оқып, тәрбие алған, осы жердің проблемаларын білетін Ерлан Кужумовты кадидат ретінде тіркету туралы ұсыныс жасаған еді,-деді Бибігүл Меңдіғалиқызы. - Сөйтіп сайлауға түскен партияласымыздың ел-жұрттың сеніміне ие болғанына қуанышытымыз. Ол өзінің теміржол саласындағы жұмысынан тыс уақытта қоғамдық жұмыстарға араласып, өзінің қоры арқылы қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы да көпке танылған еді. Біздің бағыттауымызбен сайлауалды бағдарламасын өзі дайындады. Енді сол уәдесінде тұрып, алдында тұрған мақсат-міндеттерді орындауы үшін оған денсаулық, күш-жігер, белсенділік, табандылық, отбасы амандығын тілейміз».

IMG-20241215-WA0029
Өз кезегінде сөз алған Ерлан Кужумов өзіне жүктелген міндеттің салмақты екенін сезінетінін айтып, сайлауалды бағдарламасында көрсеткен мәселелерді шешу, ауданды, ауылды көркейту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында уақытпен санаспай, аянбай еңбек ететінін жеткізді.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале