17.12.2024, 17:15
Оқылды: 379

Жібек Құламбаева Нави-Мумбаидағы турнирді жеңіспен бастады

Жібек Құламбаева теннистен Нави-Мумбаи қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_5413

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 496-орында тұрған жапониялық Хироко Куватамен кездесті.

Жібек Құламбаева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсіп, WTA Live рейтингісінде 320-сатыға көтерілді.

Қазақстандық теннисші жұптық сында үндістандық Шривалли Бхамидипатимен бірге өнер көрсетеді. Олар алғашқы айналымда корт иелері Шехаль Мане және Сонал Патилмен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале