Әділжан Қыдырашов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің индустриалдық-технологиялық институтының ғылым жөніндегі директорының орынбасары, РhD докторы, доцент міндетін атқарушы:
– Әділжан Бекежанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында қолға алынған жаңа «500 ғалым» жобасына қатысушы ғалым ретінде оқырмандарымызға өзіңізді таныстыра кетсеңіз.
– 2006 жылы Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдадым. Кейін әскер қатарында Қапшағай қаласында әуе десантшы-шабуылдаушы, батальонда аға лейтенант шенінде азаматтық борышымды өтедім. Мұнай-газ кен орындарында, соның ішінде «Жайықмұнай» ЖШС компаниясында мұнай және газ өндіру операторы, «Қазмұнайгазда» бұрғылау супервайзері қызметтерін атқардым. Бала кезден ғылымға құштармын. Жалақысы көп қызметімді тастап, жалақысы мардымсыз болса да, ғылымды көтеруге үлесімді қосайын деп шештім. 2021 жылы Қарағандыдан докторантураны бітірдім. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша докторлық жұмысымды қорғап, PhD докторы атандым. Содан кейін туған жерім – Орал қаласына оралдым. 2022 жылы БҚАТУ-дың «Мұнай-газ және химия инженериясы» жоғары мектебіне аға оқытушы болып орналастым. 2023 жылы «500 ғалым» жобасына қатысуға құжаттарымды тапсырдым. Математикадан, логикадан кешенді тест тапсырып, өте жоғары баға алдым. Қазақ-стан ғалымдарының қатысуымен сұхбаттасудан өттім. «Болашақ» бағдарламасының ықпалдастығымен АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласындағы Джордж Вашингтон университетінің Бизнес мектебінен тағылымдамадан өту бақыты бұйырды.
Нарық заманында академиялық деңгейде ойлайтын тұлғалар – ғалымдарды басқару қиын. Әсіресе аймақтық ЖОО-ларды басқару оңай емес. Ғылыми тағылымдамам «АҚШ пен Қазақстандағы академиялық көшбасшыларды салыстырмалы бағалау» деген тақырыпта болды. Өзімнің мамандығым тау-кен инженері болса да, тағылымдамада білім саласын басқару бағытын таңдадым. Неге десеңіз, мені білім саласына қалай әсер ете аламын деген ой мазалады. Тек басшы болып қана әсер ететінімді түсіндім. Қатардағы профессор болсам, өзгеріс жасауға, дамытуға әсе-рім ықпалды болмайды-ау деген ой түйдім.
– Екі елдің білім саласындағы айырмашылығынан қандай ой түйдіңіз? Қандай басқару тәсілін енгізсек дейсіз?
– АҚШ пен Қазақстанның білім салаларындағы айырмашылық жер мен көктей. Мұхиттың ар жағындағы елде ЖОО орталықсыздандырылған, бізде ЖОО-ға бөлінген қаржыны ректор немесе басқарма бөліп отырады. Ал ана жақта әрбір факультет, бөлімше өзіне тиесілі қаржыны өздері билейді. Оларға аутономды басқару тән. Оның тиімділігі зор. Мысалға, бір факультет көбірек жұмыстанады, қаржы табады, екінші факультет аз кіріс алып келеді. Солай бола тұра қаржының көп бөлігі екінші факультетке кететін жайттар болады. Әрине, үйреніп, ойға түйген тәжірибені өзім қызмет ететін оқу орнына енгізуге құштармын. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздің көшбасшылардың басым бөлігі ауторитарлық режімде басқарып, «мен айттым, сен істейсің», яки басшылық сені жаратпаса, онда соны ұмытпай ылғи сынға ұшырауыңыз бек мүмкін. Ал Америкада олай бөлмейді. Мысалға, қызыл туфли киіп, шашын жумай барса да, басқа адамдармен бірдей қабылдайды. Ол жақта демократиялық ұстаным үстем, жеке адамның құқығын сыйлайды, сіздің ой-пайымыңызды тыңдайды, кім болсаңыз да, сізбен санасады. Бізде әдетте таңертеңнен кешке дейін қызметтік орныңызда болуыңыз керек. Америкада әркім өз жұмысымен айналысады. Ғалымсыз ба, ғылымыңызбен айналысасыз, таңертеңнен қара кешке дейін күзетші құсап отырмайсыз. Кітапханаға барып, өзіңізді дамытасыз, балаңызды балабақшаға апарып, қажет болса, балаңызды үйге алып кетуіңізге болады. Қатып қалған бақылау жоқ, бірақ сіздің сол күнгі жұмысыңыз тексеріледі. Түнде болса да, сол тапсырмаңызды орындап кетуіңіз керек. Нәтиже болуы тиіс. Онда «мен бастықпын, өзім білемін, менің айтқаныммен жүруіңіз керек» деген қасаң талап жүрмейді. Ал ауторитарлық тәртіптен нәтиже болмайды, қызметкер қорыққанынан жұмыста отыруы мүмкін, бірақ оның жұмысқа деген ынта-ықыласы басылып қалады. Ол адам мүлдем басқа салаға кетіп қалуы ықтимал немесе ұжымға пайда әкелмейтін көптің біріне айналуы мүмкін.
– Әділжан Бекежанұлы, ауторитарлық жүйе тамырын тереңге салған жоқ па? Болашақта ондай жүйені түбірімен жұлып тастай аламыз ба?
– Жоюға болады, өйткені елімізде трансформацияланған мамандар көбеюде. Соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасымен, Маски, Фулбрайт, Ерасмус, Чевнинг стипендияларымен шетелдерде оқып келгендер аз емес. Олар демократиялық қоғамның кейбір элементтерін қоғамымызға енгізеді. Қазір Фейсбук, Твиттер бар, әлеуметтік желілерді бәрі оқып отырады. Көптеген азамат ағылшын тілін түсінеді, оқиды. Тілді меңгерген жастар баршылық. Жаңа заманның көзі ашық, көкірегі ояу жастары ауторитарлық басқаруды өзгертеді деп сенемін.
Тағылымдама барысында Америка ғалымдарының, мен оқыған факультеттің декан орынбасары Джордж Жабурдың дәрістерін тыңдадық. Экономикалық жағынан не-гіздемені қалай береміз, инжиниринг жасамай тұрып, одан пайда бар ма, жоқ па деген сұраққа жауап іздеуге үйретті. Еліміздегі білім саласын, соның ішінде жоғары оқу орындарын зерттедім. Тағылымдамадан өту барысында көптеген базаға кіруге рұқсат беріледі. Осы базаларға кіріп, Малайзияның, Вьетнамның академиялық ЖОО-ларының даму жағдайларын сараладым. Америкадан да озық Малайзия, Индонезия, Қытай сынды мемлекеттер кей жағынан дамып кеткен. Қазақстанның кейбір көрсеткіштері жақсы емес. Мысалға, гуманитарлық ғылымда менеджмент басқару саласында көбіне сауалнама әдістерін қолданады. Мақалалардың көп-шілігі осындай сауалнамалардың негізінде жазылады. Еліміздегі білім ордаларын 63-78 пайыз академиялық көшбасшылар демократиялық форматта басқарады делінген. Бұған өз басым сенбеймін. Бізде Кеңес заманынан қалған бюрократиялық, аутократиялық сипат басым.
Америка университеттері декандарының бес орынбасары болады. Бізде бұрын екеу болса, қазір үш орынбасар бар. БҚАТУ-да төрт институт жұмыс істейді, одан төмен құрылым – кафедра жоқ. Оларда мобильдік болсын, академиялық мәселелер болсын, әр факультетте өздерінің бөлімшелері бар. Мәселелер солардың қатысымен шешіледі. Декандары басқа университеттердің ректорларымен меморандум жасап, келісімшартқа қол қоя алады. Оларда бірінші басшыға соншалықты тәуелді емес. Солай басқару ұтымды көрінді.
– Шетелдің университеттері техникалық жабдықталу, зертханаларының жабдықталуы жағынан алда екені түсінікті.
– Американың ғылыми институттары, зертханалары бөлек орналасқан. Вашингтон университеті шағын Колумбия округінде орын тепкен. Бір жағында – Вирджиния, екінші жағында – Мэриленд штаты. Әрі қарай қала болып етек жайған. Осы екі штатта да университеттің бөлімшелері, үлкен зертханалары бар. Ғалымдар IBM, Тесла секілді компаниялардың тапсырыстарын орындауда. Студенттер оқиды әрі ғалымдармен бірге жұмыс істейді. Ол жақта студенттер кім сабақ беретінін өздері таңдайды. Мысалға, менің сабағым ұнамаса, студент «мен ол кісінің сабағына келмеймін, қызық емес. Басқа оқытушыны таңдаймын» дейді. Таңдау еркіндігі берілген. Сұранысы жоқ, студенттерге дұрыс сабақ бере алмаған оқытушымен қош айтысады. Сабақты кім беретінін оқытушы емес, студенттердің өздері таңдайды. Бізде жаңа университет бітірген оқытушының өзі 5-6 сабақтан дәріс оқиды. Ал АҚШ-та тек бір-екі сабақтан ғана оқытуға рұқсат беріледі. Онда сабақ беруге маманданады. Тақырыпты терең зерттей береді. Ал бізде бір адам әр түрлі сабақты сапырылыстырып оқытады. Америка ғалымдарына ғылыми жұмыстар жүргізуге көп уақыт беріледі. Бір-екі сабағын беріп тастап, қалған уақытта ғылыммен айналысады. Әр ғалымның, оқытушының өзінің кабинеті бар. Біздің елдегі ЖОО-ларда 10-20 оқытушы бір бөлмеде иіріліп отырады. Көз алдыңызға елестетіңізші, ғылыми жоба жазайын десе, ана жерде күбір-күбір етіп әңгімелесіп отырса, көңілі бөлінбей ме? Оқытушылар да шығармашылықтың адамдары ғой. Бірақ олардың ғылымға потенциалы барларына бөлек кабинет берілсе деген ойым бар.
Вашингтон ғалымдарының жобалары нәтижеге жетсе, онда сол жобаға тапсырыс берген компания қаржыландырады. Өнімдерін сатып алады. Ал біздің елде ғылыми жобаларды дайындағанда бір тақырыпты айналдырып жаза береді. Ол керек пе, жоқ па, бұ жағы ескерілмейді. Докторлар Кеңес заманындағыдай бір тақырыпты алады да, соны айналсоқтап жүреді. Коммерциализация деп жатырмыз, оның қандай нәтиже берерін кім білген. Бізде түпкілікті нәтижеге мән бермейді. Аспирантура оқыған жоқпыз ғой. PhD докторы дегенді аға буын қабылдай алмайды. Оны ғылым кандидатынан төмен көреді. «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деуші еді. Енді алдағы 20-30 жылда ғылым кандидаттарының орнын РhD докторлар басады. Оған да уақыт керек.
– Ана жақтан оқыған-тоқығаныңызды тәжірибеге енгізу жағы қалай?
– Иә, тәжірибеге енгізуге талпынудамын. Қаржыландыру жағы кемшін. Іссапарға, ғылыми ізденіспен баруға қаржылай қолдаудың аздығы көңілге кірбің ұялатады. Мен негізі геомеханикалық зерттеулер жүргіземін. Қарағандыда Кеңес заманында 30-дан астам шахта болды. Соның бірі «Қазақстан» шахтасында 2018-2022 жылдары 4 жыл бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Оның санды геотехникалық моделін тұрғызғанмын. Д6 деген қалыңдығы 6 метр қабатын 5,5 метр көмір қабатын бір мезетте қаза алмайды, әуелі бірінші, содан соң екінші жартысын қазып алады. Осы жағдайдағы кернеулі, деформациялы күйін есептедім. Соның геотехникалық моделін тұрғыздым. Сол Д6 қабатына түсетін әсерін, тәуелділігін, заңдылығын таптым. Кеңес заманында және Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елімізге келген инвесторлар оңай алынатын, жер бетіне жақын қабаттарынан мұнайды, көмірді қазып алып, тауысуға қалды. Бара-бара беткі қабатындағы қор біткен соң, тереңдете өндіреміз. Сол кезде ғалымдардың бұрынғы жасаған есептеулері өзекті болмайды. Көмірдің терең қабаттарына басқаша есептеулер жасалуы керек. Беткі қабатты х, у жазықтығы бойынша есептесе, қалған нүктелердегі, түгел кеңістік есептелуі керек екендігін дәлелдедім. Өйткені жердің асты тек бір жазықтан емес, үлкен кеңістіктен тұрады. Шеткі элементтер әдісімен сандық модельдеуді шығаруға екі жарым жылдай уақыт жұмсадым. Содан кейін оң нәтижеге қол жеткіздім. Қарағандыда бұрыннан мықты ғалымдар мектебі қалыптасқан. Докторлық ғылыми дәрежемді қорғау оңай болмады. Тереңдігі 800 метр болатын шахтаға түсіп зерттедім. Қазіргі кезде Қазақстан шахтасында көмір өндірісінде менің есептеулерімнің, ғылыми зерттеуімнің нәтижесін пайдалануда. Осы жобама ауторлық куәлік алдым.
– Әділжан Бекежанұлы, екі елдің ізденушілері – студенттері туралы салыстыра айтыңызшы. Тағылымдама сізге адам ретінде не берді?
– Қос елдің студенттерінің ізденістері жақсы. Тек соларды жандыра алатын оқытушылар болғаны жөн. Көңілге қаяу салатыны – Қазақстанда сондай жанам деген жастарға от беретіндер аз. Төмен жалақыға білімді оқытушылар келмейді. Олар «ТеңізШевройл», «ҚПО» сынды компанияларға кетіп қалады. Үздік оқыған студенттеріміз де сөйтеді. Бірқатар білімді түлектер Дубайда, Катарда қызмет етуде. Аймақтық жоғары оқу орындарын қаржыландыру жағы кемшін. Ұлттық ЖОО-лар, орталықтағы университеттерге зерттеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлінеді. Сондықтан шет жатқан өңірдегі ЖОО-ларға қызметке ешкім келгісі келмейді. ЖОО-ларда қызметте ғылымды жақсы көретін фанат не туғандары қаржылай қолдау көрсететін азаматтар ғана қалады деп ойлаймын. Ғылыми ізденісі жоқ, тек сабақ беретін ғалымдар баршылық.
Шекарадан өтіп, ұшақтан түсісімен, мен америкалықтардың мәдениетін сезіндім, қарым-қатынастары адами гуманизмге негізделген. АҚШ – капиталистік мемлекет. Онда барлық жұмыс, қызмет сағат бойынша еңбекке, нәтижеге төленеді. Ғылыми салаға келетін болсақ, ғалым ретінде өзіме қажет білімді алдым. Басқарудың сипатына қанықтым. Университеттің құрылымын, қалай басқаруға болатынын зерделедім. Мысалға, академиялық көшбасшы болсам, қалай дамыта аламын немесе дамытудың қандай жолдарын ұсына аламын деген сұрақтарға жауап іздедім. Аудиторияларында 5-6 монитор тұрады, бүкіл ғимараттың ауа баптағыштары бар. Студенттерге жайлы, жұмсақ отырғыштар қойылған. Әрқайсысында 2-3 розетка бар. Интернет барлық жерде, оқу ордасының ауласында да ұстайды. Біздің ЖОО-да интернет толыққанды бүкіл жерде ұстамайды. Америка университеттерінің жарақтандырылуы ұнады. Аяқ астына кілемде Шара аясында жаңартылған «Түркітану» дәрісханасы таныстырылды. Бұл жобаны жүзеге асыруға профессордың шәкірттері бастамашы болған. Конференция басталар алдында қатысушылар жаңартылған аудиторияға экскурсия жасап, оркестр орындаған күйлерді тыңдап, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Конференцияның ашылу салтанатында М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың филология факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Айдарбек Ақболатов жиынды тізгіндеп, алғысөз сөйлеп, университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов баяндамашыларға сәттілік тіледі. Шара барысында профессор Отарәлі Бүркіттің өмірі мен ғылыми қызметін ұлықтауға арналған «Оралдың Отаны» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Бұл жинаққа әріптестері мен шәкірттерінің жылы естеліктері, сондай-ақ ғалымның еңбектері мен ұстаздық қызметі туралы материалдар енген.
Пленарлық мәжілісте Қазақстанның, сондай-ақ шетелдің белгілі ғалымдары сөз алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Зейнол-Ғабден Бисенғали, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жамал Манкеева, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологоиялық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр өз тақырыптарында баяндамалар оқып, естеліктерімен бөлісті. Бұған қоса Түркияның Анкара қаласынан профессор Hülya Kasapoğlu Gengel мен Башқұртстаннан доцент Зулайха Хабибуллина конференцияға онлайн режімде қосылып, өздерінің ғылыми тұжырымдарын ұсынды. Олардың баяндамалары халықаралық тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Шара барысында ғалымның зайыбы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ұлдай Ержанова және ұлы Ұлан Бүркітұлы сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ ғалымның өмірлік серігі мен ұл-қыздарына, немере-жиендеріне құрмет көрсетіліп, шара ерекше жылы шыраймен аяқталды.
Отарәлі Бүркіттің 70 жылдығына арналған бұл конференция ғалым мұрасының мәңгілік екенін көрсетіп, қазақ филологиясының дамуына қосқан үлесін тағы бір мәрте айшықтай түсті. Мониторларда қажетті ақпараттар жүріп жатады. Кітапханаларында докторанттарға арнайы бөлмелер жасақталған. Деректер базасында барлық саладан кітаптар, диссертация, монография, мақала табылады. Шаршап кетсеңіз, үйден отырып, оқуыңызға болады. Шетелдегі ит басына іркіт төгілген қайғысыз қоғамды көріп, түйгеніміз көп. Сондай қоғамның бізде де орнайтынына сенім бар.
– Әңгімеңізге рақмет. Мақсат-мұратыңызға жетіңіз.
Гүлбаршын Дыбысқалиқызы
zhaikpress.kz