21.12.2024, 16:30
Оқылды: 8

Бәйтеректік балғын спортшылар жарады

Таяуда Өзбекстанда каратэден өткен әлем чемпионатында Бәйтерек аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері ел қоржынына жүлде салып, жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бас жүлде иеленді. Елге оралған соң бәйтеректік балғын спортшыларды аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев қабылдап, ақжарма тілегін арнады.

IMG-20241220-WA0026

- Спорттағы жоғары жетістіктеріңізбен құттықтаймын! Байрақты додада еліміздің, соның ішінде ауданымыздың абыройын асқақтатыңдар. Сөйтіп салауатты өмір салтын насихаттауға айрықша үлес қосып келе жатсыңдар. Жеңіске деген жігерлерің, табандылықтарың мен еңбекқорлықтарың ауданымыздың, ата-аналарыңның және жаттықтырушыларыңның мерейін үстем етті, - деген Ерлан Ерсайынұлы алдағы уақытта да биік белестерден көрінуді тілеп, оларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

IMG-20241220-WA0042

Бас жаттықтырушы Фархат Жалмурзин осынау сайыс сапарына тоқталып, алдағы жоспарымен бөліссе, "Amanat" партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Бибігүл Ахметжанова жас спортшыларға жарқын болашақ тіледі.

Өз кезегінде балғындар айтылған ізгі тілектер мен білдірілген қолдаулар үшін риясыз алғыстарын жеткізді.

Жаннұр Баймұрат

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале