24.12.2024, 17:10
Оқылды: 43

Шыңғырлауда жыл қорытындысы талқыланды

Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен аудан активі отырысы өтті.

470778082_2021183921626699_2329921734962383213_n

Жиында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының қорытындысы, ауданның эпизоотиялық ахуалы және ветеринария саласындағы мәселелері, аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, 2024 жылы азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері, ағымдағы айда өткізілетін мерекелік іс-шаралар талқыға салынды.

471179437_2021183984960026_896783270692850060_n

Күн тәртібіндегі аталмыш мәселелер бойынша жауапты мекеме, бөлім басшылары баяндама жасап, ұсыныстарын айтып өтті. Өз кезегінде аудан басшысы жұмыстарды атқаруды тиісті деңгейде жалғастырып, жоспарларды жүйелі түрде орындауға бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар жиын барысында аудан басшысы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында ұсынылған бірқатар марапаттарды табыстады. Аудандық «Серпін» газетінің тәжірибелі тілшісі, 30 жылдан аса адал қызмет еткен Айсұлу Арыстанова ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» медалі және Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасымен, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ мен Шыңғырлау колледжінің әскери және технологиялық дайындық пәні ұйымдастырушылары Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөнінде департаментінің алғысхатымен марапатталды.

470181340_2021184058293352_6066059367213316187_n

Сондай-ақ жыл сайын газеттерге жазылу науқанын алдыңғы қатарда және толық аяқтап, әркез белсенділік танытып жүрген ұжымдарға «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Дархан Оразовтың атынан алғысхаттар табысталды.

Жыл қорытындыланып, атқарылған жұмыстар сараланатын жиналыста бірқатар мәселелер шешімін тауып, еңбегі елеулі жандардың да мерейі үстем болды.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале