Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұлан 6656, 3502 әскери бөлімінің қызметшілері ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында донор ретінде қан тапсыруға кірісті. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
Бұл қадам әскерилердің гуманитарлық көмек беру және зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін атқарып отырған маңызды рөлі екенін көрсетеді. Қазіргі уақытта 100-ден астам әскери қан тапсыруға кезекте тұр.
Айта кетейік, ұшақ құлаған сәтте ұландықтар алғашқы болып оқиға орнына жетіп, апат аймағын қоршауға алып, зардап шеккендерге көмек көрсеткен.