28.12.2024, 17:30
Оқылды: 44

Дәстүрлі Президент шыршасына январцевтық оқушылар да қатысты

Өткен жылдың соңында Орал қаласында дәстүрлі Президент шыршасы өтті. «Қош келдің, жаңа жыл!» атты жаңажылдық кешке он екі ауданнан аз қамтылған, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 128 оқушы қатысты. Олардың ішінде «Январцев мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің Артур Құсан (6-сынып) мен Елена Артемова (4-сынып) деген екі оқушысы да болды.

6

Бірден айту керек, мереке өте тамаша болды, балалар үлкен әсер алды. Яғни балалар үш күн бойы жаңажылдық асмәзірлерінен дәм татып, психологиялық тренингтерге барып, жаңажылдық хикаялар, қойылымдар мен кинокөрсетілімдерді тамашалады. Содан соң «Meruert Grand Hall» мейрамханасында жаңа жылдық шырша думаны өткізілді.

Шыршаға арнайы қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, балаларға ҚР Президенті атынан тәттілер мен 100 мың теңгелік ақашалай сыйлық, сөмкелер, энциклопедиялық кітаптар табысталды. Керемет сыйлықтарға ие болған балалардың қуанышында шек жоқ. Шырша тойына жиналған балдырғандар сүйікті ертегілер елінің кейіпкерлерімен ән айтып, би биледі, қызықты шым-шытырық оқиғаларға куә болып, шырша шамын жақты. Мерекелік іс-шарадан соң балалар «Керемет» мейрамханасында түскі ас ішіп, одан әрі «Жаңа жыл патшалығындағы таңғажайып оқиғалар» көгілдір шырағдан кешіне аттанды.

 

Айшабибі Ханым Мұстафақызы,

Январцев мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің

әлеуметтік педагогы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале