5.01.2025, 11:15
Оқылды: 238

ШҚО салымшылары 2 млрд теңге салып, баспанасыз қалды

"ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Олар көпқабатты тұрғын үй кешенін салу сылтауымен 1,8 млрд теңге қаражатын жымқырған", - деп хабардайды ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

f49fed1def8c26c5307a42f42ce6e5cf_1280x720

Фото: www.gov.kz

Тергеу барысында Өскемен қаласында екі күдікті құрылысқа қатысуға арналған жалған келісімшарттар жасап, 102 азаматты алдағаны анықталды.

Нәтижесінде құрылыс нысаны ұзақ құрылысқа айналды. Мерзімдер бірнеше рет ұзартылғанымен, тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.

Компаниялар үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағантықтан заң талаптарын бұзған.

Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.

Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккендерге қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялануға жатпайды.

ҚМА азаматтарды үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын, ресурстарын және материалдық-техникалық базасын тартуға тиісті рұқсат құжаттары жоқ компанияларға ақша қаражатын салмауға шақырады. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале