10.01.2025, 15:45
Оқылды: 16

Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясында жаңа басшы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 8 қаңтардағы №24-3-1 бұйрығына сай Жәнібек Кенжеғалиев Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.
 image-10-01-25-03-15 (1)
Облыс орталығынан арнайы келген облыстық инспекцияның басшысы Ерлан Орынбаев Жәнібек Мертенұлын ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Аудан әкімі Тимур Шиниязов та өзінің жылы лебізін жеткізді.
Жәнібек Мертенұлы Кенжеғалиев 1973 жылы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білім жоғары. 1998 жылы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік аграрлық университетін «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы Талов ауылындағы «Таловский» өндіруші кооперативінде механизатор болып бастаған. Әр жылдары Талов ауылындағы «Маштак» өндірістік кооперативінде агроном-есепші, Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығында жетекші маман, Жәнібек ауданы әкімдігінде туризм және спорт жөніндегі бас маман, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі бас маман, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі, Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы, Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы, Жәнібек аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің лаборанты, оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы, аға шебері қызметтерінде жұмыс атқарған.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале