14.01.2025, 11:15
Оқылды: 54

Жұмысшы мамандар үшін жаңа жобалар

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Әділдік және өркендеу» республикалық қоғамдық қорының БҚО бойынша төрайымы Әлия Салиева қордың жұмысшы мамандықтар шеңберіндегі бастамалары жөнінде баяндама жасады.

fffc30ba-6253-4ede-8656-2667081b8f6a

Бүгінгі таңда ұйым Қазақстанның 20 өңірінде қызмет етеді және 8 мыңнан астам жақтаушысы бар. Олардың 1100-ге жуығы –  жастар. Олар қордың бастамаларын дамытуға және оның миссиясын жүзеге асыруға үлес қосуда.

– Қор жұмысында қоғамдық бақылау мен әлеуметтік мониторингке ерекше назар аударылады, бұл проблемаларды анықтап, әркімнің өмірін жақсарту үшін шешім табуға көмектеседі. 2024 жылы қор еңбек құқықтарын қорғау және жаңа бастамалар – жосықсыз жұмыс берушілер ті­зілімі және тегін заңгерлік кеңес беру арқылы жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша белсенді жұмыс атқарды. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік мониторинг жүзеге асырылды, бұл қазақстандықтардың маңызды проблемаларын анықтауға және өмір сүру сапасын арттыру бойынша шешімдер әзірлеуге көмектесті. Сонымен қатар қор еңбек құқықтары бұзылған қазақ­стандықтарға тегін заңгерлік кеңес береді. Бүгінгі таңда аталмыш ұйым мамандары 566 өтінішті қарап үлгерді. Сондай-ақ қор өзекті мәселелер бойынша азаматтардың пікірін зерделеу үшін әлеуметтік мониторингті белсенді жүргізеді. Әлеуметтік мониторингке 25 мың адам қатысты. Талқыланған тақырыптардың қатарында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бар. Мысалы, мектептегі тамақтану мониторингіне 10 мыңнан астам адам қатысты. Ата-аналар мен мұғалімдер ас мәзірін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, өз ұсыныстарын білдірді. Аутомобиль жолдарының сапасын бақылау проблемалық аймақтарды анықтауға және тұрғындардың пікірлерін жинауға мүмкіндік берді. Бұл міндеттерді шешуге негіз болды, – деді Әлия Өтемісқызы.

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. Есте­рі­ңізге сала кетейік, бұл ше­шімді Президент өткен жыл­дың қыркүйегінде өз Жолда­уында жариялаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыс­шы мамандықтарының жылы қоғамдағы еңбексүйгіштік пен кәсібилікті насихаттаудағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Бүгінде мемлекет жұмысшыларды қолдау үшін барлық шараны қолға алуда: жалақы көтерілуде,  мұғалімдерге, дәрігерлер мен мәдениет қайраткерлеріне құрметті атақтар енгізілді. Енді бұл тізімге инженерлер, ғалымдар, көлік, ауыл шаруа­шылығы және су шаруашылығы салаларындағы жұмыс­шылар кіреді. Жұмысшы мамандықтарының жылы Қазақстанның индустриясын, экономикасын және инфрақұрылымын дамытуға жұмысшылардың қосқан үлесінің маңыздылығына ерекше назар аударады деп күтілуде.

Елімізде Жұмысшы маман­дықтарының жылы аясындағы жобаларды қолдайтын қоғамдық қолдау орталығы  жұмыс істей бастады. Осы мақсатта adal.enbek.kz арнайы  веб-сайты құрылған, онда жұ­мысшы кәсіптері жы­лына  қатысты жобалар мен іс-ша­ралар туралы білуге болады.

Қор өкілдерінің айтуынша, қоғамдық іс-шаралардың интерактивті картасы сайтта  қолжетімді болады. Онда рес­публикада жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған белсенді жобалар көрсетіледі. Қор үкiметтiк емес ұйымдарды өз бастамалары туралы ақпарат алмасуға, содан кейiн оны осы ресурсқа орналастыруға шақырады. Бұл кез келген интернет пайдаланушысына оқиғаларды оңай табуға, қызығушылық танытқандарды таңдауға көмектеседі. Мұнда Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы бастамалардың толық ауқымын көріп, алдағы іс-шаралар туралы толық ақпарат алуға болады.

– Аdal.enbek.kz сайтында «Еңбек мақтанышы кітабы» жобасы жүзеге асуда. Интернет желісіне қол жеткізе алатын әрбір қазақстандық таныс, көрші, әріптестері немесе туыстары болсын, жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне үміткерлерді ұсына алады. Кітапқа осы адамдардың еңбекте­гі жетістіктері туралы фотосуреттер, өмірбаяндар мен қысқа әңгімелер қосуға болады.

Жұмысшы мамандықтарының жылы – еңбектің, кәсіпқойлықтың және қоғамның дамуындағы лайықты еңбек қағидаттарының маңыздылығын ерекше атап өтетін уақыт. Бастамаларды іске асы­ру­ға мүдделі азаматтардан бастап үкіметтік емес ұйымдарға дейінгі түгел қоғамның белсенді қатысуы маңызды. Сонымен қатар біздің бастамаларымызда «Қазақстанның еңбек мақтанышы кітабы»  жобасы ерекше орын алады. Біз қазақстандықтарды жақын­дарының еңбек жолы туралы әңгімелерімен бөлісуге шақырамыз және олар болашақ ұрпақты шабыттандыратын шежіренің бір бөлігіне айналады, – деді қор төрайымы.

Ерке Мереке,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале