15.01.2025, 13:30
Оқылды: 390

Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты

2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының ресми сайты Харбинде (Қытай) билеттерді сатудың басталғанын хабарлады, - деп жазады olympic.kz.

1736843630

Сурет:  olympic.kz

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, билеттерді ресми сайттың "Tickets" бөлімінде немесе арнайы билет платформасы арқылы сатып алуға болады. Сондай-ақ, WeChat қосымшасы арқылы да сатып алу мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезеңде мұз үстінде өтетін бес спорт түріне арналған билеттер қолжетімді: хоккей, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және кёрлинг. Ең қымбат билеттің бағасы 800 юаньды (57 634 теңге), ал ең арзаны 120 юаньды (8 645 теңге) құрайды. Кейбір спорт түрлері үшін әртүрлі баға санаттары ұсынылған.

Айта кетейік, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, ски-альпинизмі, биатлон және фристайл-акробатика бойынша жарыстар шектеулі орындарға байланысты билетсіз өтеді.

Харбиндегі Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында ұйымдастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале